Среда, 02.07.2025, 07:14
Сайт учителя музыки Пак Г.Г.
Приветствую Вас Гость | RSS
Меню сайта
Категории раздела
Электронный учебник [0] I четверть [2]
II четверть [1] III четверть [1]
IV четверть [4]
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0
Главная » Каталог сайтов » Музыка 4А » IV четверть

3.Қырғыз халқының музыкалық өнері
https://www.youtube.com/watch?v=fz8hyFH4U7w 25.04.2016, 20:51

Қырғыз халқы - тілі мен түрі, салт-дәстүрі, өнері мен музыкалық аспаптары жағынан қазақ халқына ең жақын ұлт. Мәдениетіміз бен музыкалық өнеріміз жақын, сонымен қатар музыкалық аспаптарымыз да өте ұқсас. Қырғыз музыкалық өнерінің өзінің ежелгі тарихы, өте бай репертуары бар. Орындаушылары мен композиторлары музыка мұрасын ерте замандардан бүгінгі күнге жеткізді. Қазақтың жыршы деген орындаушыларын қырғыздар ыршы деп атайды. Күйші деген мағынаны қомузшы дейді. Қомуз сөзінен алынған. Қырғыздың қомуз (3 ішекті аспап), қыл қыяқ (ішекті-ыспалы аспап), темір қомуз, чоор (үрмелі аспап), сурнай, керней, добулбас (ұрмалы аспап) сияқты музыкалық аспаптары бар. Қомуз - қырғыз халқының кең таралған музыка аспабы. Қырғыздар бірде-бір мерекелерін, іс-шараларын қомуз аспабынсыз өткізбеген. Қомуз құрылысы жағынан қазақтың домбыра аспабына келеді. Айырмашылығы - екі ішектің орнына сымнан тағылған үш ішегі бар. Әнші-жыршылары осы қомуз аспабының сүйемелдеуімен өзінің ән-жырларын орындаған. Оқулықта берілген домбыра аспабы мен қомуз аспабының суреттері - балаларға шығармашылық тапсырма беруге лайық. Әр аспаптың жетпей тұрған жерлерін толықтыр, домбыра мен қомуз аспабының ерекшеліктерін атап шық деген сияқты тапсырмалар балалардың сауаттылығын кеңейтеді.

Қырғыздың халық күйін тыңдату арқылы осы халықтың музыка мәдениетімен етене жақындаса түсеміз. Осы жерде айтып өтетін жайт - қырғыз халқының аспаптық музыкасында ойнау тәсілі жөнінде болмақ. Белгілі бір күйді, болмаса аспаптық музыканы ойнау кезінде міндетті түрде түрлі қимылдар бірге жасалады. Мысалы: қомуздың сабынан ұстап тұрып теріс ойнау, оң қолмен немесе сол қолмен түрлі қимылдар орындау, қағыстарындағы ерекше қимылдар, т.б.

Переходов: 987 | Добавил: shpillka
Вход на сайт
Поиск
Друзья сайта