Среда, 15.05.2024, 16:51
Сайт учителя музыки Пак Г.Г.
Приветствую Вас Гость | RSS
Меню сайта
Категории раздела
Электронный учебник [2] I четверть [1]
II четверть [0] III четверть [1]
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0
Главная » Каталог сайтов » Музыка 5А

Электронный учебник [2] I четверть [1]
II четверть [0] III четверть [1]

В разделе сайтов: 4
Показано сайтов: 1-4

ҮНДІНІҢ СҰЛУ САЗДЫ РАГАСЫ
Үнді  халқында  музыка  ең  қасиетті  өнер  болып  есептеледі.  Үндінің ежелгі  ойшылдарының  айтуы  бойынша  жаратылыстың  өзі  түрлі  тербеліс күшінен  тұрады.  Яғни  әлемнің  өзі  де  шексіз  музыкадан  жаратылған. Сондықтан  Үнділер  музыканы  жаратушының  сыйы  деп  қараған.  Музыка  -адамға  өмірлік  күш-қуат,  биік  рух,  тән  мен  жанның  саулығын  береді  деп 
сенген. Үндінің  классикалық  музыкасының  тамыры  тереңде.  Үндінің классикалық музыкасының биік шыңы – Рага. Раганың негізгі 7 түрі бар. Рага – күш-қайрат, жігер деген ұғымды білдіреді. Яғни әрбір Рага адамның көңіл –күйін  белгілі  бір  уақыт  пен  жыл  мезгіліне  лайықтап,  оған  рух  беріп жігерлендіріп отырған. Әлемде  тек  үнді  рагасы  ғана  белгілі  бір  уақыт  өлшеміне  байланысты орындалады.  Мысалы  таңғы  раганы  кешке  айтуға  болмайды.  Өйткені 
уақытылы  орындалмаған  рага  адамның  жан-дүниесіне  кері  әсерін  тигізуі мүмкін  екен. Үндістанда бір  тәулікті 8-ге  бөлген. Яғни  әрбір  6  сағат  сайын адамның  көңіл-күйі  өзгеріп  отырады  деп  есептеген.  Сол  себепті  Раганы  да уақыт өлшемі мен жыл мезгілдеріне байланысты орындаған.Үнді  музыканты  үшін  Рага  айту  табиғатпен  тілдесумен  пара-пар. 
Сондықтан Рага орындайтын музыкант табиғаттың үнін тыңдап, өзінің ішкі жан тебіренісін соған лайықтайтын болған. Бір қызықты оқиғаға құлақ түрейік! Бір күні үндінің Тансен атты ұлы 
музыканты  өз  уақытына  сай  келмейтін  Раганы  орындайды.  Тансен  жазғы ыстық мезгілде орындалатын отты раганы айтқан кезде патша сарайындағы шырақтар  өзінен  -  өзі  жанып,  сонан  соң  музыканттың  өзі  отқа  оранған. Тыңдап  отырған  халық  барлығы  жабылып  жүріп  Тансеннің  үстіндегі  отты әрең сөндіріп оны аман алып қалған екен.

 Біліп ал! Рага  түрлі  аспаптардың  сүйемелдеуінде  орындалады.  Олар:  вина, ситар, саранги және табла. Вина мен ситар шертпелі, саранги ыспалы ал, табла ұрмалы аспап. Үндістандағы  ең  танымал  аспаптар  вина  мен  ситар.  Вина  аспабы нәзік  үні  және  бай  тембрі  үшін  ішекті  аспаптардың  патшайымы  деп бағалайды.    Бұл  аспаптың  екі  жағында  резонатыры  болады.  Оның  бірі ойылған  ағаштан,  ал  екіншісін  асқабақтың  кепкен  қауашағынан  жасап 
аспаптың  мойынына  бекітеді.  Екінші  резонатор  аспаптың   үнін  күшейтіп, көлемді  дыбыс  береді.   Ситар  аспабы  құрылысы  жағынан  вина  аспабына өте ұқсас. Кеңінен  қолданылатын  ұрмалы  аспап  табла  деп  аталады.  Бұл аспаптың  ерекшелігі  міндетті  түрде  екі  табла  бірінен  бірі  ажырамай қатар  қойып  орындалады.  Табланы  алақанның  буынымен  және 
саусақтардың ұшымен теріп ойнайды. Үндінің  ыспалы  аспаптарының  ішіндегі  кеңінен  танымал  болған саранги  аспабы.  Саранги  аспабының  беті  терімен  қапталады.  Саранги аспабының  негізгі  орындалатын  төрт  ішегі  бар.  Мойнының  артында аспапқа қосымша үн беретін 25-30 ішегі болады. Саранги аспабы адамның үнімен үндес келеді. 

Вина                                                                                        Ситар

                                 

Саранги                                                                                  Табла

                                 

 

Ойлан да айт!   Үндінің қандай аспабы қазақтың домбыра аспабына ұқсас келеді?

 

 

III четверть | Переходов: 371 | Дата: 13.01.2017

Жалпы білім беретін 5 сыныбына арналған оқулық (1)

I ТОҚСАН. АЙТЫС ӨНЕРІ

Саб.1 - Айтыс өнері, айтыс түрлері – қайым, түре және сүре (3-6 бет)

Саб.2- Қысқа қағыспа айтыс (14-15 бет)

Саб.3- Құлыншақ пен Майлықожа  (17- 18 бет)

Саб.4- Жұмбақ айтыс. Ұйқас сөздер, 5-7-11 буынды өлең құрау ( 8-13, 15-16, 19-24 бет)

I четверть | Переходов: 386 | Дата: 01.09.2015

Жалпы білім беретін 5 сыныбына арналған оқулық (2)

I ТОҚСАН. ЖАУЫНГЕР ЖҮРЕК ЖЫРАУЛАР  

Саб.5 - Жыраулардын хан-сұлтандарға айтқан кеңесі – Асан қайғы (3-8 бет)

Саб.6- Ақтамберді жыраудың батырларға рух беруі (9-10 бет)

Саб.7- Бұқар жыраудың халыққа айтқан өсиет сөзі  (11- 17 бет)

Саб.8- Базар жырау мұрасы ( 27-29 бет)

Саб.9- Ақтан жырау - он жаман (36-41 бет)

 

 

Электронный учебник | Переходов: 258 | Дата: 11.10.2016

Жалпы білім беретін 5 сыныбына арналған оқулық (3)

II ТОҚСАН. ТҮРКІ ХАЛЫҚТАРЫНЫҢ КӨНЕ МУЗЫҚАЛЫҚ АСПАПТАРЫ

Саб.1 - Көнеден жеткен аспап- домбыра, дутар, саз (38 бет)

Саб.2- Әлемді таң қалдырған шаңқобыз (42-48 бет)

Саб.3- Башқұрт халқының мақтанышы болған қурай аспабы (48-51 бет)

Саб.4- Аспапмен тілдескен музыка құдіреті ( 52-57 бет)

Саб.5- Киелі аспап(57 бет)

Саб.7- Монғол халқының көнеден жеткен моринхур аспабы (62-65 бет)

Саб.8- Түркі халықтарындағы үрмелі және ұрмалы аспаптар (65-72 бет)

 

 

Электронный учебник | Переходов: 232 | Дата: 18.11.2016

Вход на сайт
Поиск
Друзья сайта