Среда, 15.05.2024, 04:49
Сайт учителя музыки Пак Г.Г.
Приветствую Вас Гость | RSS
Меню сайта
Категории раздела
Электронный учебник [0] I четверть [2]
II четверть [1] III четверть [1]
IV четверть [4]
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0
Главная » Каталог сайтов » Музыка 4А

Электронный учебник [0] I четверть [2]
II четверть [1] III четверть [1]
IV четверть [4]

В разделе сайтов: 8
Показано сайтов: 1-8

Орыс музыкасы ежелгі Русь жерін мекендеген шығыс славян халықтарынан бастау алады. 9-ғасырда алғашқы орыс мемлекетінің құрылуына байланысты орыс халықтары бір жерге шоғырланып, өзінің тарихи мәдени ошағын қалыптастыра бастады. Ең ежелгі музыкалық аспабы- гусли. Ежелгі Русь жерінде халық арасынан әнші-сайқымазақ- скоромохтар – елді аралап ән айтып, жұрттың көңілін көтеретін адамдар шықты. Олар әрі әнші, әрі әртіс еді. Гусли аспабында орындаушыларды – гусляр, гудошник, үрмелі аспаптарда ойнаушыларды –свирцы деп атады.

Балалайка – 3 ішекті, домбыра тәрізді, көлемі жағынан кішкене, шанағы үшбұрыш.

Гармонь – тілді, баян тәрізді аспап.

Бубен – ұрмалы, сылдырмақ аспап.

Трещотка – ағаштан жасалған ұрмалы аспап.

Свирель – сыбызғы тәрізді, үрмелі аспап.

 

 

IV четверть | Переходов: 360 | Дата: 25.04.2016

Опера  –  Еуропаның классикалық  музыка мәдениетінің  ең  жоғары жетістігі  болып есептеледі.  Ең әуелі  жазушы  операның либреттосын  жазады. Либретто  операның  мазмұны мен  оның  мәтінінен  тұрады. Онан  соң  композитор  оның музыкасын жазады. Опера  -  көптеген  өнер түрлерін  бір  өзіне топтастырған  күрделі  жанр. Опералық  қойылымда  басты рөльде  жеке  орындаушы-әншілер  мен  балет  әртістері және  халық  атынан  сөйлеуші хор ұжымы болады. Опера тек қана  музыка  ғана  емес,  ол бүтіндей  театр  яғни  біртұтас драмалық  қойылым. Опералық  қойылымды басқаратын  режиссер  болса, ал симфониялық оркестр және әншілерді басқаратын дирижер болып табылады.  Спектакльдің қойылымында суретшілер елеулі  орын  алады.  Өйткені  суретші  қойылымға  лайық  сахнаны  безендіреді.  Сонымен бірге  әртистердің  де  киім  үлгілерін  жасап  шығарады.  Сонан  соң  тігіншілер  суретшінің дайындаған үлгілері бойынша киім тігіп даярлайды. Ал гримерлар мен шаштараздар әртистерді сахнаға шығуға дайындап,  бет-әлпеті мен шаштарын сәндеумен айналысады. Дыбыс шеберлері мен сахнаға жарық берушілер, басқа да көптеген жұмысшылар операның толық қойылымына түгелдей жұмыла кіріседі. Осындай үлкен ұжым бір ғана опералық спектакль қоюда жұмыла  жұмыс жасайды.  Ал операны қоюшылар мен орындаушылар өз тыңдармандарына терең мазмұнын жеткізуде барлық күш-жігерін аямайды.

III четверть | Переходов: 333 | Дата: 16.02.2016

Гопак  –  украин халық биі. Бидің атауы «гоп» деген сөзден туындаған.Бишілер  өздерін  жігерлендіру  үшін  «гоп»  деп  бірін-бірі  көтермелеп қолпаштайтын болған. Ерте  кезде  гопак  ерлердің  жауынгерлік  биі  болса,  кейін  жалпы халықтың биіне айналған. Гопак биі кезінде әрбір орындаушы ортаға шығып
би  қимылымен  өзінің  күш-жігерін,  шеберлігін  көрсететін  болған.   Бүгінгі күнде гопак биі жігіттер мен қыздардың қосылып орындайтын көңілді биіне айналып отыр.

http://taynshatany.kz/index.php/en/auylym-zha-dajy-alaj/423-ukrain-m-denietini-k-ni

IV четверть | Переходов: 567 | Дата: 25.04.2016

Әншілік өнердің хас шебері – Жүсіпбек Елебеков

I четверть | Переходов: 436 | Дата: 25.04.2016

Қырғыз халқы - тілі мен түрі, салт-дәстүрі, өнері мен музыкалық аспаптары жағынан қазақ халқына ең жақын ұлт. Мәдениетіміз бен музыкалық өнеріміз жақын, сонымен қатар музыкалық аспаптарымыз да өте ұқсас. Қырғыз музыкалық өнерінің өзінің ежелгі тарихы, өте бай репертуары бар. Орындаушылары мен композиторлары музыка мұрасын ерте замандардан бүгінгі күнге жеткізді. Қазақтың жыршы деген орындаушыларын қырғыздар ыршы деп атайды. Күйші деген мағынаны қомузшы дейді. Қомуз сөзінен алынған. Қырғыздың қомуз (3 ішекті аспап), қыл қыяқ (ішекті-ыспалы аспап), темір қомуз, чоор (үрмелі аспап), сурнай, керней, добулбас (ұрмалы аспап) сияқты музыкалық аспаптары бар. Қомуз - қырғыз халқының кең таралған музыка аспабы. Қырғыздар бірде-бір мерекелерін, іс-шараларын қомуз аспабынсыз өткізбеген. Қомуз құрылысы жағынан қазақтың домбыра аспабына келеді. Айырмашылығы - екі ішектің орнына сымнан тағылған үш ішегі бар. Әнші-жыршылары осы қомуз аспабының сүйемелдеуімен өзінің ән-жырларын орындаған. Оқулықта берілген домбыра аспабы мен қомуз аспабының суреттері - балаларға шығармашылық тапсырма беруге лайық. Әр аспаптың жетпей тұрған жерлерін толықтыр, домбыра мен қомуз аспабының ерекшеліктерін атап шық деген сияқты тапсырмалар балалардың сауаттылығын кеңейтеді.

Қырғыздың халық күйін тыңдату арқылы осы халықтың музыка мәдениетімен етене жақындаса түсеміз. Осы жерде айтып өтетін жайт - қырғыз халқының аспаптық музыкасында ойнау тәсілі жөнінде болмақ. Белгілі бір күйді, болмаса аспаптық музыканы ойнау кезінде міндетті түрде түрлі қимылдар бірге жасалады. Мысалы: қомуздың сабынан ұстап тұрып теріс ойнау, оң қолмен немесе сол қолмен түрлі қимылдар орындау, қағыстарындағы ерекше қимылдар, т.б.

IV четверть | Переходов: 797 | Дата: 25.04.2016

Өзбектің негізгі халық музыкалық аспаптары мыналар:
Ысқышпен ойналатын аспаптар- гиджак, сато, сетор;
Шертіп тартатын ішекті аспаптар-  дутар, танбур, ур, рубаб
Ұрмалы ішекті аспаптар - чанг
Үрмелі аспаптар- сибизик, буламан, сурнай, қошнай, гаджир, карнай
Ұрмалы аспаптар- дойра, нагора, сафаиль

Өзбек халқында Шығыс халықтарының көпшілігіндегі тәрізді халықтық фольклордың үлкен екі тармағы бар. Оның бірі – халық шығармашылығы және ауызша дәстүрлері өнер – макомдар (қазақша – мақамдар). Өзбек ән жанрындағы салалар – терма (қазақша – терме), қошук, лапар, ялла, ашула.

Ұйғыр музыка өнері өзінің даму жолында өзіне ғана тән көркемдік дәстүр түрлерін, сонымен қатар, орындаушылық шеберлігін үйренуде ерекше әдістерді қалыптастыра алды. Осы түрлерді қатарында өзінің әуезді, иірімі күрделі, сұлу сырлы дыбыстардан тұратын «мұқамдар» мәні мен мағынасы, мазмұны мен түрінің жинақтылығы жағынан жетілген өнер түрі ретінде қабылдануға ылайық . Ұйғыр әндерінің ең басты ерекшелігі олардың халықтық, ұлттық мінез-құлықты аша алуында болса керек. Өйткені, бұл өнер түрі елдің тұрмысымен, ішкі жан-дүниесімен рухани тығыз байланыста. Әріде сөзбен, әуенмен жеткізе алмаған тұстарында ұлттық сана айтар сөзін бимен де беріп отыратындығы – оның жалпы музыкамен ішкі үйлесімділігін көрсететін қасиеттің бірі.

IV четверть | Переходов: 359 | Дата: 25.04.2016

Жалпы білім беретін 4 сыныбына арналған оқулық (1)

I четверть | Переходов: 334 | Дата: 05.09.2015

Жалпы білім беретін 4 сыныбына арналған оқулық (2)

Балалар! Сонымен бірге, музыка құдіретін терең түсіну үшін Еуропа елдеріне саяхат жасайсың. Еуропаның алғашқы музыка аспаптары қашан пайда болып, симфониялық оркестрдің қалайша құрылғанын білесің. Көптеген музыкалық аспаптардың сырлы үнін естіп, көркем музыкалық шығармалармен таныса аласың.

(25 бет)

II четверть | Переходов: 298 | Дата: 24.11.2015

Вход на сайт
Поиск
Друзья сайта