1. Әлем танып бостандыққа
Қолы жеткен елімсің,
Бабаларым қорғап қалған
Ұлан байтақ жерімсің.
Көк байрағын Қазақстан
Желбіреткен әлемге,
Отанымның ұл-қыздары
Айтарлықтай ерімсің.
Қайырмасы: Жаса, жаса Қазақстан,
Алға басып адымда.
Өркендеген болайықшы,
Елу елдің сапында.
Жастарымыз еңбек етіп,
Жалында жас шағында.
Гүл жайнайық, жарқырайық
Ұл(ы) Отанның бағында!
2. Аңсап жеткен армандаған
Тәуелсіздік күнімсің,
Қазақ халқын қуантқан сен,
Жарығысың, нұрысың.
Егеменді ерікт(і) елді
Ұланымыз бақытты,
Халқымыздың Қазақстан
Отанысың жырысың.
Қайырмасы.
|