с. С.Жиенбаев
ә. Д.Ботпаев
1. Дамылдап өзендер де,
Күн батып, күн шығады,
Мен үшін көзіңді ілмей,
Анашым, жүрсің әлі, жүрсің бе әлі?
Қайырмасы:
Дүние құлпырады,
Боялып дала нұрға,
Сонда да мен тұрамын
Өзіңнің жанарыңда. (2 рет)
2. Сағымға тербетіліп,
Шықтың сен қанша қырға
Шаршады жел де, тынып,
Анашым, шаршадың ба? Шаршадың ба?
Қайырмасы.
3.Жайнаған балғын гүлмен
Жан-анам - жасыл бағым.
Өзіңмен жаным бірге
Мәңгілік қасыңдамын,қасыңдамын.
|